Ольга Полянская ,СҚО денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің жетекшісі
– Семинар-тренингте жаңа туған шақалаққа күтімді қалай жасау керек, жас ана жүктілік кезінде неге аса мән беруі қажет, босанудың әдістері деген сұрақтарға кеңірек тоқталамыз. Бүгінде өңірдің емдеу мекемелерінде “Отбасын жоспарлау” кабинеттері ашылған. Мұнда сәбилі болғысы келетін ерлі зайыптылар кеңес ала алады.
Отбасын жоспарлау, денсаулық репродукциясы тақырыбына арналған жоба “Саламатты Қазақстан” бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Жиынға қатысушылар аталмыш жоба аналарды ынталандырар деген үмітте.
Ольга Негачева, “Қазақстанның болашағы үшін” ЖҚБ маманы
– Өкінішке қарай, Қазақстанда дертке шалдығып туатындардың саны көбеюде. Оған эколгияның нашарлауы басты себеп болып отырған жоқ. Өмірге сәби әкелетін жас ана мен әке де кінәлі. Өйткені, олар ерте бастан денсаулықтарын дәрігерге тексертпей, салдарынан дені сау емес ұрпақты дүниеге әкеліп жатыр.
Бұдан өзге колледж, жоғарғы оқу орындарында студент жастармен ақпараттық шаралар жүргізілмек. Онда жанұя құндылықтар, қалаусыз жүктіліктің алдын алу, жанұяны жоспарлау, ата-ана және бала құқықтары, семья-неке қатынастары, жеке гигиена туралы тақырыптар қозғалады.
Берик Касен.