Бейнегүл Оралбаева – “Достық” лагерінің директоры
– Екі жүзден астам бала жақсы демалып жатыр. Жеткіншектердің сауығуына барлық жағдай қарастырылған. Жастар өте дарынды, шеттерінен өнерпаз.
Бүгін жеңіл атлетикадан ел чемпионы Рүстем Шокеев “Достық” лагеріне қонақ ретінде келіп отыр. Ал, балалар бұндай кездесуге риза болып, спортшыны ду қол шапалақпен қарсы алды.
Қазақстан Республикасының чемпионы өзінің спорттық мансабы жайында сөз қозғады. Ол алғаш жеңіл атлетикамен “Достық” лагерінде шұғылдана бастаған. Балалық әуестігі оны шынықтырып, үлкен армандарға жетелепті.
Рүстем Шокеев – жеңіл атлетикадан ҚР чемпионы
– Балалар салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасын сезінсе деймін. Бұл кездесудің олар үшін маңызды болатынына сенемін. Жеткіншектерге спорттың адам денсаулығына тигізер пайдасы жайлы әңгімелеп беремін.
Сұрақ жауаптан кейін флэш-моб басталып, балалар клубында көңілді мереке орнады.
– Мен достық лагеріне бірінші рет келіп, тұрмын. Бұл жерде маған бәрі ұнайды.
– Маған осы лагер өте ұнайды. Шаралары қызықты. Бүкіл тәрбиешілер ақкөңіл, қызықты адамдар.
– Бүгінгі концерт пен флэш-моб маған ұнады. Осындай мерекелі шаралар көбірек болсын.
Сагыныш Маркашева.