Әр түрлі

Тамыз айы құбылмалы болады

–  Шілденің жауынынан шаршадық. Тамыздан ыстықты күтеміз.

– Тамыз ыстық болады деп үміттенемін. Жастар кешке көбірек серуендейді. Жылы ауа райы бәрімізге керек.

Синоптиктердің болжамы бойынша тамыз айының басында түнде ауа температурасының тұрақсыздығы байқалмақ. Түнде сынап бағанасы 11-16 градус жылылықтан 6-11 градусқа дейін түсуі мүмкін.

Елена Милентьева – “Қазгидромет” РМК СҚОФ инженер-синоптигі

– Екінші онкүндіктің басында түнде ауа температурасы 16-21 градус, ал күндіз 23-28 градус жылылықты көрсетеді.

Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 18-23 градус жылулықты көрсетеді. Одан кейін күн ысып, ауа температурасы 30, кейбір жерлерде тіпті 35-ке дейін жетуі мүмкін.
Тарихқа үңілсек, тамыз айындағы ең төменгі көрсеткіш -1 градус 1971 жылы осы айдың 26-шы жұлдызында тіркелген. Ал, осы жолы жылы жаз айының соңында ауа температурасы түнде 3-8 градусқа дейін түседі. Күндізгі уақытта 20 градус жылулықты көрсетеді.

Ағымдағы жылы саңырауқұлақ теруді сүйетін жандардың қуанышына орай жауын-шашын да нормаға сай жауады деп күтілуде. Күн күркіреп, желдің екпіні 15-25 метрге жетуі мүмкін.
Айдың соңында кешке қарай күн суытады. Сол себепті де серуендеуге шығар алдында жылы киінген абзал.

Риат Шони.