Қоғам

“Алёнушка” балабақшасы жылыту маусымына дайын

Борис Борисов – “Доломит” ЖШС шебері

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыстарды кейінге шегеруге тура келді. Сондықтан ағымдық жөндеуді тамыздың 8-і күні аяқтап, тапсырамыз.

“Аленушка” балабақшасының ұжымы ғимаратты жақсы ұстайды. Жыл сайын сырлап, әктейді. Ал күрделі жөндеуді осыдан 5 жыл бұрын жасапты. Ал осы жолғы қалпына келтіру шаруаларына қалалық бюджеттен 1 миллион 700 мың теңге қаражат бөлінген.

Любовь Зайцева – “Алёнушка” балабақшасының меңгерушісі

– Біз жөндеу жұмыстарының сапалы орындалып жатқандығын қадағалаймыз. Балабақшаның құбырларын жуып-шайып, төлқұжат алдық.

“Аленушка” бөбекжайы 100 балаға шақталған. Балғындарға 16 маман мен 8 қызметкер тәлім беруде.

 

Бакыт Садуакасов.