Қоғам

Қала жолдарын қалыпқа келтіру

Николай Кундель, асфальт төсегіштің жүргізушісі

– Жазғы жұмысымыз мамыр айында басталды. Бүгінде қаланың біраз көшелерін жөндедік. Тек толассыз жауған жаңбыр жұмысымызға кедергі келтірді. Ауа-райы оң қабақ танытса, бұл жолды ертең толығымен аяқтаймыз. Бұл мекемеде 16 жыл еңбек етемін. Соңғы кезде жаңа технологиялар қолданып жатырмыз.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл қала бюджетінен жолдарды қалыпқа келтіруге 2 есе артық қаражат бөлінген. Оның сомасы – 138 млн. тг

Виктор Ли, “Су-808” ЖШС директоры

– Кәсіпорын қызметкерлері кеше Айыртау көшесін орташа жөндеуден өткіздік. Қазір жол жиектеріне бордюрларды орнату үшін байқауға қатысудамыз. Алдағы күндері Крепостной және Аяған Шәжімбаев көшелерін жалғаймыз. Одан кейін Жұмысшы кентіне Егемен Қазақстан көшесі жағынан кіретін айналма жолды қалпына келтіреміз.

Жалпы, биыл қала жолдарын жөндеуге “Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында ел қазынасынан 138 млн. теңге қаржы бағытталған.

Берик Касен.