Қоғам

Петропавлда Балмұздақ күні атап өтілді

Аталған шарада ұтысқа тостер, шәйнек, футболға арналған доптар мен сөмкелер салынды. Ал ең басты жүлде ол скутер болды.

Екимова Ольга – ұйымдастырушы

– Біздің акциямыз бір ай бұрын басталған. Бомба конус елді аралайды акциясын Қазақстанның барлық қалаларында өткізіп келеміз. Бүгін міне Петропавл қаласына табан тіреп отырмыз. Бүгінгі шарада бас жүлдеге скутер тігіліп отыр.

Жалпы бұндай думан қаламызда алғаш рет ұйымдастырылуда. Оған “Шин-Лайн” компаниясының жергілікті филиалына 3 жыл толуы себеп болып отыр.

Диана Құрбанғалиева – Петропавлдағы “Шин-Лайн” балмұздақ фабрикасы филиалының өкілі

– Мен бұл фабрикада 3 жыл бойы жұмыс жасап келемін. Басында бұл фабрикада туралы ешкім білмеген еді. Қазір түрлі жарнамалар арқылы бізді көбі білетін болды. Фабриканың қалада 764 сату нүктесі бар.

Сонымен қатар акция барысында қаланың әр мектебінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларға арнап “Шин-Лайн” балмұздақ фабрикасынан мектепке қажетті керек-жарақтар сыйланды. Оған қоса бұл күні балмұздақ ханшайымы мен ханзадасы анықталды. Балмұздақ ханшайымы Татьяна Чернобровкина атанды, ал ханзада деп Алексей Кошкинді таңдады. Жеңімпаздарға фабриканың атынан бір-бір жәшіктен балмұздақ сыйға берілді. Балғындар тәтті балмұздақтарды санаулы секундтардың ішінде таратып әкетті.

Татьяна Чернобровкина – балмұздақ ханшайымы

– Бүгін өте тамаша күн. Барлығы жақсы. Балмұздақ ханшайымы атанғаныма қуаныштымын. Балалар менің балмұзақтарыды алып қойды. Бірақ оған еш мұңаймаймын, бұның барлығы жас бүлдіршіндер үшін ғой.

Алексей Кошкин – балмұздақ ханзадасы

– Конкурс маған ұнады. Көңілді, қайратты, қатысқан ұнады. Тапысрмалары оншалықты қиын емес. Қарсыластарымда осал болған жоқ. Жеңіп шыққаныма қуаныштымын.

“Бомба конус елді аралайды” акциясы 3 сағаттан астам уақытқа созылды. Скутерді иеленіп кетем деп жиналған жұртта соңына дейін тағаттана тосты. Алайда жеңімпаз бір-ақ адам атанады. Сонымен соңғы ұтысты билеттің иесі, яғни екі дөңгелекті арбаны Өмірзақ Қайырбек ұтып алды.

Өмірзақ Қайырбек – акцияның жеңімпазы

– Мен бұл акцияда скутерді ұтып алғаныма өте қуаныштымын. Қаламызда осындай шаралар жиі болып тұрсын. Қаланың барлық тұрығндары да осындай акцияларда жиі жүлдемен қайтсын.

Ұтыс ойынында сыйлыққа ілінбегендер дәмді балмұздақтан дәм татып, жақсы демалыс күнін өткізгендеріне дән риза.

Бұндай акция ендігі кезекте Көкшетау қаласында “Рио” ойын сауық орталығында өткізіледі.

 

Риат Шони.