Білім

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 11 мамандық ашылды

Тоғжан Грак – абитуриент

– Мен 11 сыныптан кейін Борки кентіндегі Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжіне жол қозғалысын ұйымдастыру мамандығына түсейін деп жатырмын. Болашақта жол қозғалысын ұйымдастыруда техник инспектор боламын.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде мемлекеттік тапсырыспен жаңадан 11 мамандық ашылған. Оның 6-ы 9 сынып негізінде болса, қалған 5 мамандық 11 сынып негізінде.

Майра Капасова – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

– 2014 жылы Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжіне 275 мемлекеттік тапсырыс берілді. Оның ішінде техникалық мамандықтар өте көп. Мысалы ауыл шаруашылық өндіріс механикаландыру, ауыл шаруашылық өндірісін электрлендіру, жол қозғалысын ұйымдастыру, технология, дене тәрбиесі және спорт мамандығы. 11 сыныптан кейін бізде жол қозғалысын ұйымдастыру, электрмен қамтамасыз ету мамандығы ашылды. Биыл қазақ тобына спорт бойынша жаттықтыру оқытушысы мамандығына студенттерді жинаймыз.

1957 негізі қаланған білім ошағының тарихы да терең дейді колледж директры Жеңіс Әбілмәжін.

Жеңіс Әбілмажин – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің директоры

– Жаңадан техникалар алдық. Біз шекаралас Омбы, Челябі, Қорған, Свердловск облыстарымен әріптестік жасаймыз. Мәскеуге, Нижний Новгород қалаларына барып, халықаралық конкурстарға қатысамыз. Былтыр біздің студенттеріміз ТМД елдерінің арасында 3 орынды иеленді.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде қабылдау комиссиясы 20 тамызға дейін жұмыс істейді.

Риат Шони.