Қоғам

«Қазпочта» АҚ-ның арнаулы байланыс қызметіне 75 жыл толды

Салтанатты жиында пошта саласына еңбегі сіңген бірқатр қызметкерлердің еңбегі ескерілді. Ахат Мұхамедин «Арнаулы байланыс қызметінің үздігі атанды. Жерлесіміздің бұл саладағы еңбек өтілі бүтіндей он жылды құрайды.

Ахат Мұхамедин – «Қазпочта» АҚ СҚОФ шабарманы

– Мен бұл марапатқа ие болғаныма қуаныштымын. Басшыларыма мені таңдағандарына рахмет айтамын.

Бұл күн Сергей Лазаренко үшін сәтті болды. Жерлесіміз қызметі бойынша жоғарылады. Енді ол “Қазпочта” АҚ СҚОФ арнаулы байланыс қызметіне жетекшілік етпек.

Сергей Лазаренко – «Қазпочта» АҚ арнаулы байланыс қызметінің жетекшісі

– Бізде жыл сайын көліктер жаңарады, жалақы өседі. Жұмыс істеуге барлығы қарастырылған. Бүгінгі жаңа қызметіме де қуаныштымын. Ендігі кезекте қолда бар техникалармен басшылықтың берген тапсырмаларын бұлжытпай орындауға тырысамыз.

Қазіргі таңда аймақтағы пошта қызметкерлерінде 8 заманауи автомобиль бар, 14 жылжымалы бөлімі жұмыс істейді. Осындай жақсы материалды-техникалық база мамандарға сапалы қызмет көрсетуге септеседі.

 

Риат Шони.