Қоғам

Жылыту маусымына дайындық шаралары қолға алынды

Раиса Игнатьева- Украинская 201 үйінің тұрғыны

– Жоғарыда құбырларды алмастырдық. Екі задвижканы ауыстырып, енді міне бүгін жуып- шаю жұмыстарына кірістік. Өткен жылы да солай ерте бастағанбыз. Қыста үйіміз жылы болды.

Мұнда «Эталон» ЖШС қазметкерлері тиісті шаруаларды атқарып жатыр. Мамандар мұндай 36 пәтерлі үйде жуып- шаю 4 сағат көлемінде жүргізіледі дейді.

Досбол Икібаев- «Эталон» ЖШС директорының орынбасары

– Жалпы біздің серіктестікте бұл шаруаларды атқаруға 4 бригада жұмылдырылған. Күніне 8 үйдің құбырларын жуып- шаямыз. Ал осыған дейін 20 баспанада тиісті жұмыстарды атқардық.

Жалпы жылыту маусымына әзірлікке Украинская көшесіндегі 201-үй тұрғындары 100 мың теңгеден астам қаржы жұмсаған.

 

Магжан Ахмадина.