Денсаулық сақтау

СҚО-да 6 ай ішінде энтеровирус індетіне шалдыққандар байқалған жоқ

Юрий Пузиков – СҚО бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті жетекшісінің орынбасары

 

– 2014 жылдың жартыжылдығында энтеровирусты анықтау үшін 54 ағынды суларда, 189 ашық су қоймаларында және де ішек инфекциясы белгісі бар 1863 адамдарды тексердік. Қуаныштысы энтеровирустың індеті табылмады.

Негізі энтеровирус індеті екі жолмен жұғады. Ауа тамшылары және ауыз-нәжіс жолымен. Дәлірек айтсақ, ауру адам түшкіргенде, жөтелгенде, вирустар ауаға таралады. Ауа арқылы сау адамға беріледі. Екіншіден, жеке бастың тазалығын сақтамау себеп болады. Көбіне лас ауыз су арқылы жұғады.

Юрий Пузиков – СҚО бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті жетекшісінің орынбасары

– Ауруға тән жалпы белгілері: дене қызуы көтеріліп, басы ауырады. Екі бетінде, ернінде, денесінде ақшыл-қоңыр дақтар пайда болуы мүмкін. Егер науқастың тамағы ісіп, жиі түшкіріп не жөтелсе – індет тыныс жолдарын зақымдағанының белгісі. Ал құсып, іш өтіп, әлсіздік байқалса – ішек жолдарының зақымданғаны. Сондай-ақ, науқастың көзі қызарып, қышып, жас ағып, мазасы болмайды. Індет байқалған кезде бірден дәрігерге қаралған жөн.

Өкініштісі, энтеровирустың алдын алатын екпе жоқ. Арнайы дәрі-дәрмек те жасалмаған. Сол үшін жеке бастың тазалығына мән берген жөн.

 

Риат Шони.