Мәдениет

Облыстық Сәбит Мұқанов атындағы кітапхана құнды әдебиеттермен толықты

Ләззат Жолаушинова – облыстық С. Мұқанов атындағы кітапхананың бас кітапханашысы

– Баспа және полиграфия ісінің қайраткері”, “Мәдениет қайраткері”, Райхан Мәженова біздің кітапханамызға қазақ, орыс тілінде жазылған кітаптарын, сонымен қатар, Жазушы Немат Келімбетовтың бірнеше тілге аударылған кітаптарын табыс етті.

Сыйлыққа берілген кітаптар татар, түрік және неміс тілдеріне аударылған. Соның бірі Немат Келімбетовтың “Күншілдік” кітабы. Бұл сұхбат-диалогында адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі – күншілдікті зерттеу нәтижелері баяндалған. Сондай-ақ Елбасының бірқатар жинақтарын тарту етіпті, оларды да өз баспасында теріпті. Еліміздің даму жолынан сыр шертетін туындыларға деген сұраныс күшті дейді кітапхана қызметкерлері.

Райхан Мәженова жазушыларымыздың жинақтарын республикадағы және Ресейдегі кітапханаларға табыс етпек.

Сагыныш Маркашева.