Спорт

2014 жылы СҚО-да 9 спорттық нысан жөнделеді

Съездбай Керейбаев – “Петро Building” ЖШС құрылыс жұмыстарындағы тікелей басшы

– Шаруаға 20 сәуір кірістік. Шілденің 20-ы аяқтап тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Жылу жүйесін жаңарттық, терезелерді ауыстырдық, жаттығу залын жөндеп спорт залды толығымен өзгерттік, енді еденді төсеу ғана қалды.

Қазіргі таңда мекемеде 424 жасөспірім спортпен айналысады. Ал оларды 20 бапкер жаттықтырады. Дайындық жүргізетін залдардың жағдайы жақсарып, спорттық нысандардың жаңаруы жаттығудың сапалы өтуіне септеседі.

Нұрлан Әбдірахманов – бокстан ОБЖСМ директоры

– Бұл жөндеу жаттығу жұмыстарын мықтап жүргізуге ықпал етеді. Қазір бізде оқыту-жаттығу жиындары жүріп жатыр. Осы жылы біз толағай табыстарға да жеттік.

Ағымдағы жылы “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасының аясында СҚО-да 9 спорттық нысанды жөндеуге 116 млн. теңге қаржы бөлінген.

 

Риат Шони.