Қоғам

Құрылыс жанданып жатыр

Николай Кошиков, “Петрострой -Люкс” ЖШС директоры

– Бүгінде кестеге сай жұмыстың 40 пайызы еңсерілді. Қазір мұнда 4,5-ші қабаттың қабырғалары қаланып, терезелер орнатылып жатыр. Бұл жұмыстар бітісімен, еденге линолиум төселіп, қабырғалар сырланады. Әр пәтерге су, жылу және коммуникация желілерін тарту жұмыстарымен басқа мердігер компания айналысады. Бір сөзбен айтқанда 1 және 2 бөлмелі пәтерлер тұрғындарға дайын қалпында тапсырылады.

Қазір баспана құрылысына 70-ке жуық құрылысшы жұмылдырылған. Виктор Серин аталмыш құрылыс компаниясында 98 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Виктор Серин, “Петрострой -Люкс” ЖШС монтаждаушысы

 

– Мен құрылыс алаңындағы жұмыстың сапалы орындлалуына жауаптымын. Алаңға тартылған жұмыс күші жеткілікті. Жалақымыз уақытылы төленіп тұрады.

“Петрострой -Люкс” серіктестігі құрылыс саласында 10 жыл жүр. Мердігер компания осы уақыт аралығында облыс орталығы мен аудандарда біраз нысанды көтеріпті. Соның екеуі “Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ы арқылы салынған. Биыл “Береке” ықшам ауданында бұдан бөлек “Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” арқылы тағы 55 пәтерлі баспананы тұрғызбақ.

Берик Касен.