Спорт

Қарағанды облысының биатлоншылары Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды

Петр Ермоленко – биатлоншы, Ақмола облысы

– Дайындығым жоғары деңгейде болды, сол үшін бапкерлеріме алғыс айтамын. Жарыста үшінші орынға ие болдым. Жақсы көрсеткішке қол жеткізем деп ойлағам, бірақ та бұл спорт қой.

Жалпы командалық есепте Ақмола облысының спортшылары күміс жүлдені қанжығаларына байлады.

Василий Коломиец – Ақмола облысының БЖСМ биатлоннан жаттықтырушысы

–  30 ұпаймен Қарағанды облысынан ұтылып қалдық. Бұл жарыста жеңіске жетеміз деп ойлағам, алайда бүгін сәттілік жетіспеді. Ендігі кезекте, Щучинскіде өтетін жазғы республикалық чемпионатқа дайындаламыз. Бәлкім, сонда бірінші орынға ие болармыз.

Ал қарағандылық биатлоншылар елімізде мықты атанып, жеңіс тұғырынан көріне білді.

Владислав Киреев – биатлоншы, Қарағанда облысы

– Біздің облыс республикада бірінші орынға ие болды. Бұл жарысқа барынша дайындалдық, міне бүгін сол еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз.

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты. Ал өңіріміздің спортшылары өкінішке орай үздік үштікке іліге алмай 4 орынға тұрақтады.

 

Риат Шони.