Қоғам

Христиан сеніміндегілер мұсылмандарды Ораза айтымен құттықтады

Владимир- Петропавл және Булаев епархиясының епископы

– Мен бала кезімде мұсылман қауымы осы мерекені тойлағанды көріп өстім. Сондықтан Ораза айты жарқын мейрамдардың бірі деп білемін. Мұсылдмандар 30 күн ораза ұстайды. Ал айт содан кейін орын алатын тазалық, молшылықтың белгісі іспетті.

Қазақстан халқы сан этностардан құралған. Сондықтан өзге дін өкілдеріне құрметпен қарап, мерекемен құттықтау – еліміздегі халықтардың достығын білдіреді.

Кенжетай қажы Дүйсенбай- Қызылжар орталық мешітінің бас имамы

– Биыл Қазақстанның мұсылмандар бірлестігі мынадай жақсы кітап шығарды. «Дін мен салт-дәстүр» деп аталатын оқулық барлық елімізде тұратын халықтардың достастығын, дінаралық келісімін баяндайды. Мұнда сонымен қатар, өзге халықтардың салт-дәстүрін құрметтеу керектігі де жазылған.

Бір-біріне тарту таралғы жасаған дін өкілдері кейін Ораза айтына жайылған дастарханнан дәм татты.

 

Магжан Ахмадина.