Қоғам

Қоғам болып жемқорлықтың тамырына балта шабу

Николай Ухов, “Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филилы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы

– Бұл бағдарлама алдыңғыларына қарағанда жетілдірілген. Мен өзім оны басынан аяғына дейін оқып шықтым. Құжатта жемқорлықпен нақты қалай күресуге болатындығы жайлы нұсқамалар көрсетілген. Біз осы жобаның негізінде барлық ұйымдармен 1 жыл бірлесіп жемісті еңбек атқарамыз деген ойдамын. Және біз жыл сайын бағдарлама төңірегінде өңірімізде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, оны елбасы қарауына жібереміз.

Жемқорлықтың өршуіне тұсау салатын бағдарлама сөзден гөрі нақты істерге негізделген. Бұған зауыттағы жұмысшылар да сенеді. Олар өңірлерде қоғамдық індеттің иммунитетін әлсірету үшін
әр адам жобаны жүзеге асыруға ат салысуы қажет деген пікірде.

Василий Лукьянов, “ПАМЖЗ” АҚ техникалық бөлімінің жетекші маманы

– Жемқорлық біздің елімізде өзекті тақырыптардың бірі. Оның қоғамда өршуіне қарапайым тұрғындар мен мемлекеттік қызметшілер жол беріп отыр. Және оның зардабы да аз емес. Сондықтан, бұл мәселені көтеріп қана қоймай, онымен мықтап күресуіміз қажет. Және осы бағдарлама соған септігін тигізеді деген ойдамын.

“Нұр Отан” партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасы келесі жылы жүзеге асырылмақ.

Берик Касен.