Қоғам

Петропавлда “Сағындырған әндер-ай” атты ретро әндер фестивалі өтті

Кеште аудандардан келген әншілер де әннен шашу шашты. Айыртаулық Зәуреш Шаяхметқызының орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтың “Әдемі-ау” өлеңі аға буын өкілдерінің көңілін бір көтеріп тастады.

Зәуреш Шаяхметқызы – әнші, Айыртау ауданы

– Бүгінгі фестиваль өз деңгейінде өтіп жатыр. 70, 80, 90 жылдардағы қазіргі үлкен адамдардың жас кезіндегі орындалған әндері, сол кездегі композиторлардың көптеген әндерін насихаттау қазіргі жастарға. Фестивальді үлкен кісілер сағынған болуы керек, өздерінің жастық шақтарын еске алып, би билеп, белсенді көрермендерді көріп тұрсыздар.

Жалпы бұл күні облыстың үздік вокалдық топтары мен әншілері 70-ші, 80-ші және 90-шы жылдары жазылған 35-ке жуық туындыны шырқаған болатын. Ұйымдастырушылар ретро әндер фестивалін осыменен 2 жыл қатарынан өткізуде.

Наталья Загровская – облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары

– Бұл әндер фестивалін екінші жыл ұйымдастырып отырмыз. 2 сағатқа жалғасатын ән кешінде қарттарға арналған әндер молынан шырқалмақ. Осы арқылы аға буын өкілдерінің әндерін насихаттап, сүйікті әндермен қауыштырмақпыз.

Жастық шақтарын естеріне алғысы келген жерлестерімізге ауа райының қолайсыздығы еш кедергі болған жоқ. Аға буын өкілдері ретро әндермен сағына қауышты.

– Өте көңілді фестиваль. Мұндай ән кештерін жиі өткізіп тұрса жақсы болар еді.

– Әншілер керемет ән шырқауда. Ересектерге арналған концерттерді үнемі ұйымдастырып отыру қажет.

Бақыт Сәдуақасов.