Билік

ҰОС-ның ардагері және СҚО-сы прокуратурасының ардагері Сапар Дүйсенов 90 жаста

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– Сапар Дүйсенұлы 16 жасында Отан үшін күреске қатысқан. Одан кейін ұзақ жылдар бойы прокуратура саласында адал еңбек етті. Қай кезде болмасын облыстың қоғамдық өміріне белсенді араласты.

Кейін өңір жетекшісі мерейтой иесінің иығына шапан жапты.
Сапар Дүйсеновтың заң саласындағы еңбек өтілі 34 жылды құрайды. Еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтың еңбегі еленіп, ол бүгінде “Мінсіз қызметі үшін” 1,2,3 дәрежелі медалдармен мараппатталды.

Жастық шағында сұрапыл соғысты, тың игеру жылдарын және кеңес заманының құлдырау кезеңдерін басынан өткерген көнекөз қарияның зейнет жасына шыққанына биыл 27 жыл толған екен.
Халық қарты бар ел – қазыналы ел деп бекер айтпаса керек. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов осы қағиданы үнемі жадымызда сақтауымыз керек деді.

Ескендір Елеусізов, СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы

– Үлкен қызметтер атқарып, еліңізге елеулі еңбек сіңірдіңіз. Сол үлкен жігердің ақылдың арқасында еліңізге сыйлысыз. Біздің ортамызда жүруіміз біз үшін үлкен бақыт

Сапар Дүйсеновтың үлкен ұлы әкесінің ғибратты ғұмырын өшпестей кейінгі ұрпақтың жадында қалдыру үшін 90 жылдығына орай 500 данамен әкесіне арнап кітап шығарыпты. Оның авторы “Егемен Қазақстан” газетінің шолушысы Жақсыбай Самрат.

Жақсыбай Самрат, жазушы, публицист

– Ақсақалдың өмірі туралы “Ғибратты ғұмыр” деген кітап жазып шығардым. Шынында бұл ақсақалдың өмірі жастарға ғана емес, мынау үлкен адамдарға да ғибрат. Өйткен ол кісі адамгершіліктің биік қырынан ешқашан тайған емес.

Балалары мен немерелерінің қызығын көріп отырған қария қоғамның өмірінен тыс қалған емес. Үлкенін құрметтеген елімнің болашағы зор дейді.

Сапар Дүйсенов, ҰОС-ның ардагері және СҚО прокуратурасының ардагері

– Құрметті Ерік Сұлтанов мені елеп осында шақырғаныңыз үшін алғысымды айтамын. Менің өмірімде ылғи тәуір адамдар кезігіп жүрді.

Берик Касен.