Қоғам

Маусымның 27-і “Сабантой” мерекесі өтеді

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

– Татар-башқұрт орталығының құрылуының бастауында Митхад Сүтішев, Рашида Дәулеткергеева, Анатолий Башмаков сынды үлкен тұлғалар болды. Сабантой татар-башқұрт ұлтының ең басты мейрамдарының бірі. Аталған мейрам халықтың қонақжайлығын көрсетеді. Сол себепті де қала тұрғындары мен қонақтары осы думанға шақырамыз.

Бұл жолғы шара әдеттегідей демалыс саябағында емес, орталық алаңда өтеді. Үлкен сахнада концерт ұйымдастырылады. Жыл сайын сабантой елімізде тұрып жатқан бірнеше ұлт өкілдерінің басын біріктіреді.

Амир Баязитов, СҚО “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық бірлестігінің төрағасы

– Маусымның 27-і сағат 12-де қаламыздың орталық алаңында сабантой мейрамы өтеді. Бағдарламада , татарша күрес, қаппен секіру сынды ұлттық ойындар жоспарланған. Сонымен қоса алғашқы рет бұл думанға Қазан қаласынан “Қазан игитляры” жұлдызды тобы келеді.

Қазіргі таңда СҚО-да 12 мыңнан аса татар мен башқұрт ұлтының өкілдері тұрады.

 

Риат Шони.