Қоғам

Тұлғалар қылмысқа қатысы бар-жоқтығын растайтын анықтаманы енді ХҚКО-нан алады

Айдар Мұқанов, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасының бөлім басшысы

– Анықтамада тұлғаның қандай баппен айыпталғандығы, оған қатысты қозғалған қылмысық істері туралы толық ақпарат беріледі. Оған қоса құжатта тұлғаның қылмыстық жауапкершіліктен босатылғандығы туралы мәліметтер де көрініс табады. Мұның бәрін олар ХҚКО-нан электронды сандық қолтаңбасын қоя отырып ала алады.

Жаңа стандартта көрсетілген бұл мемлекеттік қызмет түрі тұлғаларға тегін ұсынылады.

Айдар Мұқанов, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасының бөлім басшысы

– Қылмыс жасаған, жасамағанын растайтын анықтама 5 жұмыс күн ішінде ресімделеді. Мәліметтер ҚР аумағынан шет елге шығатын азаматтарға беріледі.
Шетелге шығу үшін ақпаратты беру қызметі қағаз түрінде толтырылады. Бланкіні өкілетті тұлға қолтаңбасымен растайды. Сондай-ақ анықтама жұмысқа енді орнасып жатқан және тағы да басқа мақсаттармен сұратқан адамдарға беріледі.

Жалпы жыл басынан бері өңірде 7000-нан астам солтүстікқазақстандық қылмысқа қатысы бар-жоқтығын растайтын анықтама сұратқан.

Берик Касен.