Спорт

СҚО-да алғаш рет кросс биатлоннан республика чемпионаты өтеді

Петр Ермоленко – биатлоншы, Ақмола облысы

– Мен Ақмола облысынан келіп отырмын. Мен бұл жарыста жоғарғы орындарға қол жеткіземін деп үміттенемін. Сол үшін де күнде жаттығамын.

Жарыс шілденің 27 не жоспарланған. Чемпионатқа 100 ден аса биатлоншы қатысады. Олар Борки кентінің тас жолында мықтылықтарын сынайды.

Игорь Ильин, биатлонан СҚО жаттықтырушысы

– Біз өзіміздің қарсыластарымызды қуана қарсы алып жатырмыз. Жарысқа Қарағанды, ШҚ, Ақмола, Павлодар, Алматы облыстарының спортшылары келді.

Өңірдің жаттықтырушысы Игорь Ильин теріскейлік спортшылардың мүмкіндіктері мықты дейді.

Игорь Ильин – биатлоннан СҚО жаттықтырушысы

– Біздің құраманың сапында бұл чемпинеаттың жеңімпаздары да, жүлдегерлері де бар. Атап айтқанда Рүстем Набибулин, Данияр Баранбаев жасөспірімдер арасында Қазақстанның чемпионы болған.

Жалпы спортшыларға бір жарым км. қашықтықты жүгіріп өтіп, нысанадағы 5 межеге дәл тигізу қажет.

– Ату барысында мылтықты сезініп, асқан байыптылықпен нысанды көздей білу қажет. Ату нүктесіне нысанға дейінгі ара қашықтық 50 метр.

Алғашқылардың бірі болып мәре сызығын кескен спортшының командасына тиесілі ұпайлар қосылады.

Раис Хайрутдинов – жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші

– Біз арнайы дайындалған жүйе бойынша ұпайларды есептейміз. Бірінші болып мәреге келген спортшыға 36, екінші келгенге 32 ұпайдан береміз.

Солтүстік өңірдің тарихында алғашқы рет ұйымдастырылып жатқан жарысқа биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамысының бапкері Маркус Фишердің келуі жоспарланған. Еліміздің құрамасын жаттықтырып жүрген бапкердің назарына түсу үшін сайысқа қатысушылар барынша тырысып, аянбай тер төкпек.

Риат Шони.