Қоғам

Азаматтарды тіркеу кітапшасын лақтыруға асықпаңыз

Ержан Қабдөшев – Петропавл қалалық ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің инспекторы

– ҚР заңдарына сәйкес кейбір жағдайларда өкілетті органдар азаматтардың тіркеу кітабын талап етеді. Мысалы жүктілік және босануына байланысты, әлеуметтік жәрдемақы, баланың тууына, басқа да жәрдемақы беруіне байланысты азаматтардың тіркеу кітабы берілуі тиіс.

ХҚК орталығына құжаттарын рәсімдеуге келген жерлестеріміздің қолдарынан азаматтарды тіркеу кітапшаларын көптеп кездестіруге болады. Теріскейліктердің дені электрондық анықтамадан гөрі тіркеу кітапшасына көбірек сенетіндерін айтты.

– Мен ХҚКО-на мекенжай анықтамысын дұрыстауға келдім. Ондағы ақпарат ескі болып шықты, мен оны тек тіркеу кітапшасы арқылы ғана дәлелдей алдым. Жүйеде олқылықтар орын алуы мүмкін, ал мұнда барлығы қаламмен жазылған.

–  Мен мұнда тіркеу кітабындағы тізімінен қызымды алып тастауға келдім. Алғашқыда тіркеу кітабы керек деді сол себепті де алып келдім.

Ал, мекенжай анықтамасына келетін болсақ, оны ХҚК орталығынан кезекке тұрмай-ақ 5 минуттың ішенде алып шығуға болады. Егер электрондық-сандық қолтаңбаңыз болса оны үйде де басып шығарып алу қиындық туғызбайды.

Риат Шони.