Спорт

Петропавлда жеңіл атлетикадан екі күндік жарыс жалауын көтерді

Дулат Сағынбаев – жеңіл атлетші, Тимирязев ауданы

– Спорттың бұл түрімен 3 жыл қатарынан үзбей айналысып келемін. 100 метрлік қашықты бағындыру мен үшін аса қиындық тудырған жоқ. Жеңісім тынымсыз дайындықтың арқасында келді.

Спартакиада қыздар арасында да қызу тартысқа толы болды. 100 метрлік қашықтықты бағындыру олар үшін де оңайға соқпады. Юлия Лукьянова осы топта бірінші болып келді.

Юлия Лукьянова – жеңіл атлетші, Айыртау ауданы

– Менің осы спорт түрімен шұғылданып жүргеніме көп бола қоймады. Жарысқа біздің командамыз мықтап дайындалған. Өзім аудандық және облыстық жарыстарда үнемі жеңімпаз атанып жүрмін.

Одан соң желмен жарыса жүгірген спортшылар ақтық сайыста бақтарын сынады. Осылайша 100 метрлік қашықтыққа жүгіруде 1-ші орынды Владислав Лаптив еншілесе, ал қыздар арасында Юлия Лукьянова үздік атанды. Ертең спортшылар эстафета, найза лақтыру мен ұзындыққа секіруден сынға түспек. Жеңімпаздар медаль, грамоталармен марапатталатын болады.

Бакыт Садуакасов.