Қоғам

Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы 6 айдың қорытындыларын жариялады

Нұрлан Алпысов – Петропавл гарнизонының әскери прокуроры

– 2014 жылдың 6 айында қылмыстың алдын алуы бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде тіркелген қылмыстар санының артуына жол бермеді. Атап айтқанда, жалпы тіркелген қылмыс саны 30%-ға, әскери қылмыстар 40%-ға азайды.

Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында прокурорлар әскери бөлімдер мен мекемелерде 17 тексеріс өткізіп 777 заң бұзушылықты анықтаған. Оған қоса аталған орындардың басшылығына 34 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс жасапты.

Нұрлан Алпысов – Петропавл гарнизонының әскери прокуроры

– Бірлескен жұмыс нәтижесінде қадағалаудағы аймақта әскери мүлікті, оның ішінде қару-жарақты және оқ-дәрілерді ұрлау, жоғалту, сату деректері орын алған жоқ.

Прокурорлық тексерістердің арқасында әскери бөлімшелер мен институттарда заң бұзушылық азайғанмен, казармаларда әлі де болса әлімжеттік бар. Осы орайда тәрбиелік жұмыстарды күшейту керек деді Петропавл гарнизонының әскери прокуроры Нұрлан Алпысов.

Риат Шони.