Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Тайынша ауданында болды

Қабдірахман Сақтағанов, СҚО денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі

– Біріншіден, амбулаторияның 2-ші қабаты бос тұр. Біз онда 15 орынға шақталған онкология дертіне шалдыққандар үшін оңалту бөлімшесін ашсақ дейміз. Біз аудандық аурухананың жарақат пунктін қажетті құрылғылармен жабдықтадық. Бекетте жұмыс істейтін арнайы дәрігерлеріміз даяр. Бірақ жарақат пунктіне жергілікті жерден арнайы қаржы қарасытылымаған. Осы мәселені шешіп берсеңіз.

Мекемеде жарақат пунктін ашуға болатынына Ерік Сұлтанов кабинеттерді аралап көз жеткізді. Мұнда күндізгі стационар жағдайында жақын маңдағы 11 ауылдың 11 200-ге тарта тұрғыны қаралады. Оларға 4 дәрігер мен 25 медбике қызмет көрсетеді. Ақ халатылатылардың орташа айлық жалақысы 156 мың теңге. Жалпы өңір жетекшісі аудандағы медицинаның сапасына оң бағасын берді.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– Сіздердің мекемелеріңіз жалпы жақсы. 1 жартыжылдықта аудандарыңызда денсаулық бойынша көрсеткіш жақсы. Бала өлімі жоқ, туберкулез ауруы 50 пайызға азайыпты.

Ерік Сұлтанов кейін 8 жыл бойы Тайынша қаласындағы 300 үйге жылу беріп келетін орталық жылу қазандығының қысқа әзірлігін байқады.

– Қондырғылар кеткен шығынды толығымен ақтап жатыр. Жылыту қазандығының қуаттылығы 20 киловат.

Тайынша қаласы іргесіндегі мына 46 жеке тұрғын-үйдің құрылысы “Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы бойынша салынып жатыр. Баспананың біразы уақытында қолданысқа тапсырылмай келеді. Өңір жетекшісін осы мәселе толғандырды.

Асқар Сақыпкереев, СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының басшысы

– Бұл жерде жалпы саны 46 үй бар. Оның 10-ын көкшетаулық мердігер компания 2013 жылы тұрғындар игілігіне тапсырды. Ал қалған 36 баспана аудан қарамағына өтті. Бірақ неге екенін білмедік оған қатысты әзірге сот шешімі орындалмай жатыр.

Ал мына 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы “Қолжетімді баспана” бағдарламасы аясында жүріп жатыр. Нысан жыл аяғына дейін тапсырылуы тиіс. Құрылысшылар мұнда 3 қабатын көтеріп тастаған. Мердігерлер еңбекке бар болғаны 38 адамды тартыпты. Өңір жетекшісі олардың санын еселеп, жұмысқа қарқын қосу керек деді.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

–  Жұмысшылардың саны 150-ге жетсін. Мен құрылысты тамыз айында келіп тағы бір тексеріп кетемін.

Бұдан кейін облыс әкімі Ерік Сұлтанов аудан тұрғындарын, жергілікті атқамінерлер мен кәсіпкерлерді жинап отырыс өткізді. Бас қосуда ең алдымен 1 жарты жылдықтағы Тайынша ауданында атқарылған жұмыстардың нәтижесі талқыланды.

Салтықов, Тайынша ауданының әкімі

– Ауданымызда ауыл шаруашылығы бойынша 1-ші жарты жылдықта ішкі жалпы өнім көлемі 6,2 млрд. теңгенге жетті. 33 бірлік а/ш техникасын сатып алдық. 1-жарты жылдықта ауыл шаруашылығына 1,8 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Мал шаруашылығын дамытуға 416 млн. теңге субсидия бағытталған. Бүгінде 60 шаруашылық асыл тұқымды ірі қара өсіруді қолға алды.

Жалпы Тайынша ауданында 3000 басқа жуық сауын сиыр мен 118 бұқа бар. Бірақ бұл облыстың орта көрсеткішінен 4,8 пайызға аз. Сондықтан өңір жетекшісі аудан әкіміне ірі қараның басын көбейтіп, аудандағы ет экспорты әлеуетін арттыру қажетігін ескертті.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– Ет 4,1 пайыз, шұжық 5,6 пайыз, май 42 пайыз, ірімшік 13,7 пайыз. Бұл көрсеткіштер өте төмен. Осы тұрғыда нашар жұмыс істеп жатырсыздар. Индустриаландыру картасы бойынша аудандағы бірде бір кәсіпорын өз жобасын ұсынған жоқ. Бүгін маған 3 кәіспкер өз жобасы жайлы айтты. Демек сіздердің араларыңызда осы істі іліп әкете алатын 10 шақты адам бар деген сөз. Тайынша ауданы сирек металдарға бай. Осы бағытты мықтап қолға алу керек. Аудан биыл 151 тонна еттті экспортқа тапсыруы керек болатын. Оның тек 2 пайызы ғана орындалды. Шаруалар “Сыбаға” бағдарламасы аз жүгініп жатыр. Осыған қарап сіздердің аудандарыңызда мемлекет бағдарламалары жайлы ақпаратты тарату сылбыр жүргізіліп жатыр деген ойға қалып отырмын.

Кейін тұрғындар аймақ басшысына бұрынан бері мазалап жүрген сауалдарын қойды. Тайынша қаласында 1 қазақ мектебі бар. Оның өзі оқушыларға тар екен.

Роза Жақсыбаева, ата-ана

– Менің балама орын жетпегендіктен, ол орыс сыныптарында оқуға мәжбүр.

Шолпан Каринова, СҚО білім басқармасының басшысы

– Тайыншада қазақ мектебін салуға қатыстыты жобалық-сметалық құжат қарастырылу үстінде.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– Бұл сұрақты тиянақты қарап, 2016 жылы мектеп салып беру жағын ойластыру қажет.

Бұдан өзге өңір жеткшісі Ерік Сұлтановқа тағы 3 сауал жолданды. Олар ауыл шарушылығына, мәниет пен жастар мәселесіне қатысты болды.

Берик Касен.