Кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Қоғам

15:25 23 Шілде 2014

Виктор Герасимов

– Мен троллейбустар паркінде 42 жыл бойы жүргізуші болып жұмыс істедім. Жабылуына байланысты жұмыссыз қалдым. Зейнетке шығуыма да 1 жыл қалды. Бұл жәрмеңкеде мен темір ұстасы, сантехник мамандығы бойынша бос орын таптым, қазір сонда орналасуға тырысамын.

Ағымдағы жылы 8-і рет ұйымдастырылып отырған бос қызмет орындарының жәрмеңкесіне қаламыздың 24 кәсіпорыны қатысып, 241 бос орын ұсынып отыр. Негізінен инженер-техниктер, құрылысшылар, педагогтар, дәрігер мамандықтары ұсынылған.

Серік Жәмпейісов – СҚО әкімдігінің “Психоневрология ауруларына арналған Петропавл интернат-үйінің” кадрлар инспекторы

–  Бүгінгі жәрмеңкеде 6 бос орын жариялап отырмыз. Азаматтар көп келуде. Оларды алдағы уақытта көріп, жұмысқа орналастырамыз. Бізде жуырда әлеуметтік қызметкеріміз басқа жұмысқа ауыспақ соның орнына маман іздеп жүрміз.

Жалпы бұндай жәрмеңкелер қаламызда ай сайын өткізіліп тұрады.

Риат Шони.