Билік

СҚО спортшылары жетістіктері үшін марапатталды

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары

– Қазіргі таңда облысымызда салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатары өсуде. 140 мыңнан астам жерлесіміз дене шынықтырумен айналысады. Ал түрлі спорт салаларынан 353 жерлестеріміз ұлттық құрама сапында халықаралық ареналарда еліміздің намысын қорғауда.

Әлемдік жарыстарда еліміздің әнұранын әлемге шырқатқан спортшылардың еңбегі бағаланды. Облыс әкімінің орынбасары жерлестерімізді құрмет грамотасы, бағалы сыйлықтар және де гүл шоқтарымен марапаттады. Солардың бірі Бокстан спорт шебері, кәсіпқой бокстан Европа чемпионы Жанат Жакиянов.

Жанат Жакиянов – кәсіпқой бокстан Европа чемпионы, спорт шебері

– 26 сәуірде Европа чемпионы атандым. Енді алдағы мақсатым қараша айында чемпиондық атағымды қорғаймын. Сол үшін жуырда Англияға дайындалуға кетемін. Ал оған дейін Минскіде бір кездесу өткізу ойымда бар.

Спортшылардың бапкерлері де назардан тыс қалған жоқ. Еңбегі сіңіп, әлемге әйгілі спортшыларды жаттықтырғаны үшін бапкерлері де алғыс хаттармен марапаттады.

Жерлес спортыларымыздың алдағы жоспарлары ауқымды. Оларды азия ойындары мен әлем чемпионаттары күтіп тұр.

Риат Шони.