Қоғам

Статистика департаменті 6 айдың қорытындыларын шығарды

Гүлзиян Ізбасова – СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары

– Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылғы маусымда 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,7%-ды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 5,5%, азық-түлік емес тауарларға – 5,9%, ақылы қызметтерге – 2,8%-ға өсті.

Санақшылар жалақы 6,8%-ға өсті дейді. Өкініштісі барлық салада емес. Ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 2014 жылғы қаңтар-мамырда 22,6%-ға, өнеркәсіп саласында – 12,3%-ға, көлік және қоймалауда – 12%-ға, ал жаңа ғимараттар салып елімізді көркейтетін құрылысшылардың айлық жалақысы – 11,7%-ға өскен.

Гүлзиян Ізбасова – СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары

– Ең жоғарғы орташа айлық жалақы қаржылық және сақтандыру қызметі кәсіпорындарында – 116949 теңге, көлік және қоймалауда – 114431 теңге, ақпарат және байланыс кәсіпорындарында – 111365 теңге.

Биыл өңірімізде туу саны да төмендегені байқалады. 2014 жылғы қаңтар-мамыр айларында дүние есігін ашқан нәрестелер саны – 3327. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2,1%-ға төмен болды. Жылқы жылының алғашқы жартысында өңірдегі халықтың табиғи өсімі 368 адамды құрап отыр.

Риат Шони.