Спорт

Құқық қорғау органдары арасында өткен жарыстың қорытындысы

Қайырбек Орымбаев – “Динамо” дене шынықтыру-спорттық қоғамы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

– Дәл қазір Әскери нституттың командасы көш бастап тұр. Екінші орында – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері, ал үшінші орын мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жігіттерінде.

Футболдың ақтық кезеңінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті мен ІІД-ң қызметкерлері кездесті. Алаңда ойын тізгіні екі жаққа алма-кезек ауысып, негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды. Пенальти кезінде тәртіп сақшылары жеңіп кетті.

Жеңімпаздарға кубок, медаль және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ойын барысында үздік өнер көрсеткен азаматтар да марапатталды. “Үздік қақпашы” болып ІІД-ң ойыншысы Тимур Бимақов танылды, «Үздік шабуылдаушы» – Әскери институт құрамасының мүшесі Санжар Жакеев, ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкері Дмитрий Михайлов “Үздік қорғаушы” атанды.
Жалпы, командалық есепте жазғы спартакиаданың көшбасшысы – Әскери институттың командасы. Екінші орында – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, үздік үштікті қалалық ІІБ-ң құрамасы тұйықтады.

Данаш Хамзина.