Спорт

Өңір палуаны студенттер арасында өткен әлем чемпионатында 2 орынға иеленді

Ақан Баймағамбетов – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері

– Финалда Қырғыз спортшысымен Қаныбек Жолшыбековпен кездесіп, 5-те нөл есебімен ұтылып қалдым. Енді әрі қарай дайындалып, ұтуға тырысамын. Өз қателерімді жібердім. Әлі бәрі алда. Өткінбеймін ұтылғанға.

Ақанның грек-рим күресімен шұғылданып жүргеніне 9 жылдан асқан. Жастайынан әкесінің қасынан шықпай, кейін күреспен айналысуға шешім қабылдапты. Палуанның алға қойған жоспарлары көп.

Ақан Баймағамбетов – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері

– Алдағы жоспар олимпиада чемпионы болу. Соған дайындалып жүрміз. Бәрі болады деп ойлаймын, жарыстар әлі алда.

Ақан 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отыр. Спортшы маңызды жарысқа қазірден дайындықты бастап кеткен.

Бакыт Садуакасов