Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО- да «өзара түсіністік» жайлы меморандумға қол қойылды

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

–  Елбасы шетелдік инвесторлармен өткен пленарлық отырыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту керектігін айтқан болатын. Сондықтан Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы өкілдерінің біздің өңірге келуі соған жол ашып, бастама салмақ. Екі арада жасасқан келісім бірлесіп атқаратын жұмыстарға жаңа серпін береді деген ойдамыз. Бізде бұл бағытта бірнеше жобалар бар.

Республикалық орталық мамандары мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестіктің маңызды тұстары жайлы баяндады. Жалпы бүгіндері еліміз бойынша осы бағытта 30 жоба іске асырылуға даяр. Теріскейде де жеке сектормен серіктестік байланыстарды дамыту көзделіп отыр.

Айдос Көбетов- «Қазақстандық мемлекеттік- жекеменшік әріптестік ортылығы» АҚ жобалар жетекшісі

–  Сіздердің өңірлеріңізде мектептердегі жылу жүйесі, Петропавл қаласын сумен қамту мәселесі және балабақша мәселелерін қарастырдық. Біз зерттедік, тек облыс орталығында ғана 9 мың бала балабақша кезегінде тұр. Сондықтан келешекте 10 мектепке дейінгі мекеме салу көзделуде. Мемлекет осы бағытта жолдар ашып береді. Ал жекеменшік өзінің қаржысымен кіреді. Кейін ол қаржының орнын мемлекет тарапынан толтырады.

Жиын соңында СҚО әкімдігі және «Қазақстандық мемелекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ «өзара түсіністік» туралы меморандумға қол қойды. Бұған дейін аталмыш орталық мұндай маңызды құжатты Қызылорда облысымен ғана жасасқан.

Магжан Ахмадина.