Құқық қорғау органдары

Полицейлер тазалықты сақтамаған 1012 тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты

Оңалбек Әбдікәрімов – Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі

– Біз қоқысты аулаларынан шығармайтын тұрғындарды анықтап, оларға айыппұл саламыз.

Облыс орталығындағы тазалыққа коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері ғана жауапты емес. Ортақ іске қалалықтардың өздері де ат салысулары тиіс.

Мария Маурер – Уәлиханов көшесі, 28 үйінің қараушысы

 

– Адамдар тазалықта, тәртіпте өмір сүруге ұмтылады. Бұрындары үй маңы күл-қоқысқа толы болатын. Қазір жағдай мүлдем бөлек. Аула аббаттандырылып, айнала көгалдандырылды.

Қоқысты аула жанына шашып-төккен мекемелер анықталып жатса, оның басшылығы алғашында ескертпе қағазбен құтылмақ. Алайда, олқылықтың орны толтырылмаса аумақ қожайынына 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін айыппұл салынбақ. Ал ірі кәсіпорын иелері 50 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін төлеуге міндеттеледі. Соңғы екі айда қалалық ішкі істер басқармасы абаттандыру ережесін бұзуға қатысты 1012 заңбұзушылықты анықтапты.

Бақыт Сәдуақасов.