Қоғам

Облыс орталығында бағдаршамдар орнатылуда

Мирас Сабағанов, қалалық ТКШ бөлімі автокөлік жолдары секторының бас маманы

– Алдағы уақытта осындай тағы екеуі іске қосылады. Оның бірі Индустриялный мен Әуезов көшелерінің қиылысында, ал екіншісі Юбилейный мен Семашко көшелерінің бұрылысында орнатамыз. Қазіргі таңда біз жер асты коммуникация желісін тарту үшін коммуналдық кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Мирас Сабағанов жаңа бағдаршамдар көлік қозғалысын реттеуді біршама жеңілдетеді дейді.

Мирас Сабағанов, қалалық ТКШ бөлімі автокөлік жолдары секторының бас маманы

– Бұған дейін бұл жерде жаяу жүргіншілерге арналған белгілер ғана тұрған. Сол кезде, қосалқы көшедегі көліктердің жүргізушілері біраз бөгеліп қалатын. Өйткені, негізгі жолмен жүретіндерге басымдық көп берілетін. Олқылықтарды жою үшін жаңа жол сілтегіштерді осында орнатқанды жөн санадық.

Бағдаршамды орнатумен “Дорсигнал” ЖШС айналысуда.

Берик Касен.