Құқық қорғау органдары

Кәсіпті нәсіп еткен отбасы

Балтабай Ғалиақпаров – Ішкі істер органдарының ардагері

– Сосын Қарағанды мелмекеттік университетінің заң бөлімнде сырттай оқу бітірдім. Сол кезде кішкене қиындау болды. Оқу бар, одан жұмыс істеу керек. Одан семьям болды. Бар қиындыққа менің жолдасым көмектесіп отырды. Көп көмектесті, шынын айтқанда. Оқуға да, екі баламен қалып отырды мен Қарағандыға сырттай оқуға кеткенде бір айдан.

Балтабай Ғалиақпаров полиция қатарына кезекші қызметінде сержант шенімен қабылданып, 2 жыл бұрын полковник болып зейнетке шығыпты. Тергеуші, одан жедел уәкіл, кейін Ішкі істер департаментінің бірнеше құрылымында талай жыл басшы болып еңбек еткен отағасы – бүгінде 3 баланың ақылшысы. Ұлдарының екеуі – әке жолын қуған. Дәл сол салада жұмыс істейді. Кенжесі де әскери адам боламын депті. Еңбек етуге ешқашан ерінбеген Балтабай Ғалиақпаров зейнетке шықса да қол қусырып отырған емес. Қазір ол күзет қызметінде басшының міндетін атқарады. 30 жылдың ішінде еске түсіретін дүние көп, әрине. Тәжірибесі мол, естелікке толы жылдар жайында фотосуреттер мен медаль, марапаттар сыр шертеді. Отағасының полиция қатарында киген киімі бұл үйде құрметті орында ілулі. Балтабай Ғалиақпаров, жұмыста өмір бойы тәртіпті, адалдықты бірінші орынға қойған.
Отағасының зайыбымен отасқанына 30 жылға жуық. Үйдің ұйытқысы Гүлнәр ханым отбасының берік болуы үшін сыйластық пен түсініспеншілік қажет дейді.

Гүлнәр Ғалиақпарова – Б.Ғалиақпаровтың зайыбы

– Тұрмысқа шыққаннан кейін білдік органда істейтінін.Енді, семья құрғаннан кейін бәріне шыдау керек. Мен бұл кәсіге тұрмысқа шыққанда 21 жаста болдым. 6 жыл оқыттық. Қиыншылық та болды. Таң ата келетін болды. Бұл кісіні біз көрген жоқпыз, шынын айту керек. 30 жылда өзі сол қолымызға тигеніне 1-2 жыл болды.

Біздің жалпы әңгіме барысында түсінгеніміз Ғалиақпаровтар отбасының басты құндылығы – ынтымақ, бірлік, сыйластық және еңбекқорлық екен. Бұл күні үш ұл да жұмыста болды. Кішкентай Арыстанның әкесі – полиция қызметкері Данияр іс-сапарда жүргендіктен біз балалардың үлкені – Еркіннің жұмысына бардық. Бала шақтан басталған арманға қол жеткізген Еркін міндетіне аса жауапкершілікпен қарайтынын жасырған жоқ.

Еркін Ғалиақпаров – СҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі

– Заңға байланысты адамдардың арыздары келіп түседі. Соларды қарастырамыз. Адамның өміріне зиян келтіретін, нұқсан келтіретін жауапты жағдайлар болады. Солардың құқықтарын қорғау керекпіз.

Шынын айту керек, полиция қатарында ісіне адал, жұмысына жауапты, қылмыспен күресте табындылық танытатын осындай азаматтар бар да қоғам тыныштығына сеніммен қарауға болады екен.

Данаш Хамзина.