Қоғам

Петропавлда биыл 10 көпқабатты баспана қолданысқа беріледі

Алена Матросова- студент

– Қазір біз бөлмелерді әктеп жатырмыз. Әрине жазғы демалыс кезінде еңбек еткен жақсы. Жалақы аласың, оның үстіне тәжірбие жинақтайсың.

Аленамен бірге тағы 3 студент жазғы уақытта осы кәсіпорында нәпақасын тауып жүр. Қазір құрылысы жүргізіліп жатқан үй, жас отбасыларға арналған. 2 қабатты баспананың іргетасы 2012 жылы қаланған. Бүгіндері 15 пәтерлі үйдегі шаруалар 90 пайызға тындырылған.

Андрей Радченко- «Лира» ЖШС директоры

– Үй барлық заманауи талаптарға сай тұрғызылып жатыр. Кірпіш емес, металлосайдинг қолдандық. 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлердің бәрінің еденіне ламинат төселеді. Қазір баспана барлық инженерлік-коммуникациялық желілерге қосылған. Абаттандыру шаралары жүргізіледі.

Құрылыс жұмыстарымен 27 адам айналысады. Бұл баспананы салуға 150 млн теңге қаржы бөлінген. Үй тамыз айында тапсырылады деп жоспарланған. Бұдан өзге «Береке» шағын ауданында жас отбасыларға арналған тағы 5 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Биыл «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша облыс орталығында 34 мың шаршы метр болатын 10 көпқабатты үйдің қабырғасы қаланбақ. Бұл мақсатқа 1,8 млрд теңге қаржы бағытталыпты. Оның 885 млн теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген екен.

Марат Мұқашев- Петропавл қаласы құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі

– Екі үй кезекте тұрғандарға арналып салынып жатыр. 72 пәтерлі баспана 2014 жылдың қазан айында тапсырылмақ. Тағы екі үй тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы беріледі. Олар 45 және 93 пәтерлі үйлер.

Ал 2015 жылы Петропавлда тағы 4 үй салынбақ.

Магжан Ахмадина.