Бизнес және экономика

Еуразиялық экономикалық одақтың берер пайдасы

Гүрілдеген техника түк естірпейді. Іші даңғаза болса да жұмыс істеп тұрған – немістің нағыз сапалы құрылғылары. Жұмысты бір сәтке де тоқтатуға болмайды. “Шаров” ЖК-і тәулігіне шұжықтың 2,5 тоннасын шығарады екен. Алған қарқын бар, содан таймау қажет дейді жұмысшылар. Виталий Коробчанның міндеті – бекітілген рецепт бойынша фарш әзірлеу.

Виталий Коробчан – фарш әзірлеуші

– Фаршты әзірлеу барысында берілген рецептті міндетті түрде ұстану керек. Егер ол сақталынбаса, өнім жарамсыз болып қалады. Ал, ақауы бар тауар саудаға жіберілмейді.

Кәсіпорында бірнеше камера бар. Олар шұжықтарды пісіруге, сүрлеуге, кептіруге арналған. Істің барлығы автоматты түрде басқарылады. Айта кету керек, өңірде шикілей сүрленген шұжықтарды жасаумен жалғыз осы кәсіпкерлік айналысады екен. Оларды әзірлеп қана қоймай, сақтаудың өзінің бір сыры бар.

Светлана Кирилкина – технолог

– Мына камерада шұжықтар соңғы кептіруден өтеді. Өнімдердің барлығы түрі және шығарылған күні бойынша ілулі. Мұнда қазір тауардың 3 партиясы тұр. Камерада белігілі бір температура және ылғалдылық деңгейі сақталуы қажет.

Кәсіпорынның құрылғанына – 15 жыл. Алғашында шұжықтың 10 түрін жасаса, қазір 50-уін шығарады. Өңірде ет өндіру жағынан бәсеке осал емес. Кәсіпкерлік ол жағынан үнемі үздіктердің қатарынан көрінуде. Оған түрлі деңгейдегі сайыстарда алған марапаттар дәлел. Кәсіпорынның бүгінде мүмкіншілігі зор. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа енуі бұл мүмкіншілікті жоспардағыдай жүзеге асыруға жол ашпақ.

Надежда Шеремей – “Шаров В.Н.” ЖК директорының орынбасары

– Еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа енуі экономиканың дамуына ықпал ететіне сенімдіміз. Біздің де қауаттылығымыз арта түсер. Шығаратын тауар түрі көбейіп, сату көлемін ұлғайтуға септігі тиеді. Келешекте Ресей нарағына шығуда жоспарлаудамыз.

“Шаров” жеке кәсіпкерлігінің өнімдері бүгінде тек өңірде ғана емес, Алматы, Қарағанды және Екібастұз қалаларында да сұранысқа ие. Етті жергілікті жерде сатып алады екен. Сергеевка мен Корнеевкада өздерінің екі соятын қосыны бар. Тек бір әттегені, кейде шикізат жетпей жатады дейді басшылық.

Данаш Хамзина.