Құқық қорғау органдары

Ауру қалса да, әдет қалмайды

– Сіз неге ащы суға әуестенесіз. Өйткені аяғым ауырады. Сол үшін ішемін. Онда ауруханаға барып дәрігерге қаралу керек.

Рейд барысында полиция өкілдері мұндайдың талайын көрген. Және оған көз жұма қарай алмайды. Сондықтан ештен кеш жақсы демекші оларды өз еркімен емделуге шақыруда. Арнайы шара барысында тәртіп сақшылары “Қауіпті топ”-қа жататын тұрғындарды анықтап, оларды ІІБ-на есепке алды.

Наталья Родионова- Петропавл қалалық ІІБ бөлім бастығы

– Бүгінде қалалық ІІБ-на есепке алынған тұлғаларға қатысты құжаттарды жинақтап жатырмыз. Кейін біз бұл материалдарды сот қарауына жолдаймыз. Кейін оларға қатысты ұйғарым шығарылса, науқастарды наркологиялық орталыққа мәжбірлі емдеуге жатқызамыз.

Жалпы жыл басынан қаладағы қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 2,5 мыңнан астам адамға әкімшілік айыппұл салынды.

Берик Касен.