Қоғам

Тұрғындар баспаналары үшін қобалжуда

 

Ирина Колмагорцева- үй тұрғыны

– Жарық күн сайын үлкейіп барады. Қазір мына жерден қарасаң дала көрінетін болды. Үйде кішкентай балалар бар,мына қабырға құласа біреуі мертігіп, қалады ма деп қорқасың.

Бүгіндері баспанада 20- ға жуық адам тұрады. Оның қабырғасы жарылғалы бері тұрғындардың да мазасы кетіп, көмек сұрап, біраз мекеменің табалдырығын тоздырған екен.

Жұмабике Мұхамбетова- үй тұрғыны

– Жарықты байқап бірден төтенше жағдайлар департаментіне хабарластық. Олар бізге әкімдіктің кісілерін шақырт деді. Келесі күні сол әкімдіктен мамандар келіп, акт жасады. Мына қағаз белгі жапсырып қойдық, солар жыртылғанда хабарласыңдар деген. Енді міне не істерімізді білмей тосып отырмыз.

Жасалған арнайы тексеріс жұмыстары, үйді апаттық деп танымады. Сондықтан тұрғындар өз қаражаттарына жарықты жөндеуі қажет.

Дәулет Қалиасқаров- Петропавл қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

– Біз ол үйге барып акт толтырдық. Арнайы белгілер орнаттық. Тәуелсіз комиссия үйді апаттық жағдайда деп танымады. Сондықтан енді тұрғындар өз қаражаттарына қабырғаны дұрыстаулары керек. Еш кедергі жоқ.

Жалпы 6 пәтерлі үйдің негізі осыдан 53 жыл бұрын қаланыпты.

Магжан Ахмадина.