Құқық қорғау органдары

Түбіртектерге арналған жәшіктер

Қайролла Нұрышев- Петропавл қалалық ІІБ әкімшлік полиция басқармасының бөлім бастығы

–  Мұндай жәшіктер М. Жұмабаев көшесі бойында орналасқан ІІБ, Ғ. Мүсірепов көшесі бойындағы қалалық ГАИ, ХҚКО және Уәлиханов көшесі бойында орналасқан 1-ші қалалық полиция бөлімінде орналасқан. Тағы Халық банк пен Казпошта бөлімшелерінде осындай жәшіктер орнату көзделуде.

Орнатылған жәшіктегі түбіртектерді тек соған жауапты тәртіп сақшылары ғана ала алады. Нақ солар әкімшілік базаға айыппұлды өтеу туралы деректі енгізеді. Жаңашылдық көлік иелерінің көңілінен шығып отыр.

Жалпы ағымдағы жылдың 6 айында қала көшелерінде 35 мың 193 заңбұзушылық анықталған.

Магжан Ахмадина.