Қоғам

“Есіл су” мен “Қызылжар су” мекемесінің 10 қызметкерлері диплом алды

Серік Ысмайылов – «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалының директоры

– Өткен жылы 12 қызметкеріміз жоғары білімді меңгеріп шықты. Бұл мамандықты “Қызылжар су” мен “Есіл су” кәсіпорнының қызметкерлері алып отыр. Келер жылы да тағы 30 маманды оқытып шықпақпыз.

Жоғары білім алып шыққан 10 маманның бірі – №4 Булаев өндірістік басқармасының басшысы Сейчан Жанпиисов. “Су ресурстары және суды қолдану” мамандығын оқып шыққан ол, қызметіме аса қажет дейді.

Сейчан Жанпиисов – №4 Булаев өндірістік басқармасының басшысы

 

– Мен осы ұйымда 2003 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Мамандығым техник-механик. 2012 жылы Тараз университетіне түстім. Бүгін диплом алып жатырмын, өте қуаныштымын. Бұл мамандықтың алдыңғы жұмыста көп септігі тиеді.

Мамандар 2 жыл бойына Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде білімін жетілдірген. Енді, олар алған білімдерін еңбекте жаратпақ.

Бақыт Сәдуақасов.