Қоғам

Петропавлда алимент төлеуден жалтарып жүрген көкек аналар мен тасбауыр әкелердің саны азаяр емес

Қарлығаш Абаева, СҚО бойынша сот актілерін орындау департаментінің аға сот орындаушысы

– Міне, біз борышкерге тиесілі автокөлікті таптық. Енді оның иесін іздестіріп жүрміз.

Сот орындаушылардың ісіне тұсау болатын тағы бір мәселе – кейбір борышкерлердің жылдар бойы жиналған қарызды қайтаруға шамасы келмейтіні. Тұрақты табысы жоқ, тәркілейтін мүліктен жұрдай. Бұндай азаматтардан қарызды өндіру осылайша бірталай жылдарға созылып кетеді.

Қарлығаш Абаева, СҚО бойынша сот актілерін орындау департаментінің аға сот орындаушысы

– Соңғы 6 айдың ішінде біздің қарауымызға 3000-нан астам құжат келіп түсті. Бүгінде оның 74-і орындалып, борышкерлерден қарыз өндіріліп алынды.

Сот орындаушылары рейдтік шараларын аптасына бір рет өткізіп тұрады.

Риат Шони.