Салық басқармасы

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап акцизді өнімдерді өндіру мен саудалауға лицензиялық алым көлемі ұлғайтылады

Лилия Әбілева- Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы

– Сондай-ақ алкоголь өнімін сақтау мен бөлшектеп саудалау бойынша да лицензиялық алым енгізілді. Атап өтер болсақ, Астана мен облыстық маңыздағы қалаларда 100 айлық есептік көрсеткіш, қалалық маңыздағы аудан орталықтарында 70 айлық есептік көрсеткішті, ал ауылдық елді-мекендерде бұл 30 айлық есептік көрсеткішті құрап отыр.

Мұнымен бірге, спирттік өнімдерді саудалаудың ережесі де өзгеріске ұшырады. Мысалға, градусы жоғары арақ өнімдерін кешкі сағат 9-дан келесі күнгі түскі 12-ге дейін сатуға тыйым салынды. Бұл өзгертулер тек қана күштілігі 30 градустан жоғары өнімдерге қатысты. Ал күштілігі 30 градустан төмен алкоголь өнімдерін саудалауға кешкі сағат 11-ден таңғы сағат 8-ге дейін шектеу қойылған.

Лилия Әбілева – Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы

– Алкоголь өнімдерін денсаулық сақтау, білім беру, спорттық-сауықтыру алаңдарында, автобекеттерде саудалауға болмайды. Бұл өз кезегінде спирттік өнімдерді сататын орындардың жауапкершілігін арттыра түспек.

Егер де салық төлеушілердің алкоголь өнімдерін саудалау мен өндіруге рұқсат қағазы болмаса, ҚР Салық кодексінің “әкімшілік құқықбұзушылық” заңнамасы бойынша өнімдері тәркіленеді.

Бакыт Садуакасов.