Қоғам

“Жасыл ел” отряды жұмысын бастады

Махаббат Қанафина – Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің студенті

– “Мен биыл “Жасыл ел” бағдарламасына алғаш рет қатысып отырмын. Бірінші жақтан маған да пайдалы, өйткені мен өз жалақымды аламын. Екіншіден, мен ата-анама көмектесемін. Үшіншіден, ел үшін бір пайда болады. Мен бір ай ғана жұмыс істемей, жаздың аяғына дейін еңбектенбек ойым бар.

Ал Әрсен Әбішев аталмыш бағдарлама арқылы екінші жыл табыс табатын болады. Студент мемлекеттің жастарға деген қолдауын айқын сезінудеміз – дейді.

Әрсен Әбішев – Солтүстік Қазақстан Университеті колледжінің студенті

– Мен 2013 жылдан бері “Жасыл елде” жұмыс істеймін. Маған ұнайды жұмыс істеген. Жақсы ұжым. Таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейміз. Сенбі, жексенбі демалыс. Біз мұнда ескі ағаштарды шығарамыз, орманшыларға көмектесеміз.

Қазір Қызылжар мемлекеттік орман шаруашылығында 36 студент еңбек етіп жатыр. Олар күнделікті орман ішін қоқыстан арылтуда. Бұл өз кезегінде орманшылардың жұмысын біршама жеңілдетіпті.

Өлмес Нұртазин – “Қызылжар мемлекеттік орман шаруашылығы” ММ орманшысы

–  Бізге көп көмегі бар. Ағаш, орман ішінде техника жүретін жолдарды тазалауға, орманның ішіндегі құлаған ағаштарды шығаруға көмектері көп тиіп жатыр балалардың. Міне, бірінен бастап Питомник бар мына жерде, сонда ағаш отырғызғанбыз, соның жиектерін тазалап, біраз көмектерін тигізді.

Мұндағы студенттердің еңбегіне қарай лайықты жалақы қарастырылған. Әр отряд мүшесінің айлығы 40 мың теңге шамасында.

Асқар Баймұқанов – “Жасыл ел” облыстық штабының жетекшісі

– Өткен жылдармен салыстырғанда “Жасыл ел” құрамына еніп, жұмыс жасайтындардың саны көбейді. Бұл дегеніміз, жастардың ақша тауып қана қоймай, өңір экологиясына да бей-жай қарамайтындығын аңғаруға болады. Олардың еңбек етулері үшін бар жағдай жасалған.

Жалпы “Жасыл ел” отрядына облыс бойынша 225 жас тартылыпты.

Бақыт Сәдуақасов.