Құқық қорғау органдары

Облыс тұрғындары ІІО заңсыз сақталған қаруды тапсыруда

Вахтанг Катамадзе

Бұқаралық ақпарат құралдарынан қару тапсыру шарасы жүріп жатқанын естідім. Міне, мылтықтың орнына 40 мың теңге сыйақы алып отырмын. Бұл қаруды үйде ұстағаннан пайда жоқ.

Акция басталғаннан бері солтүстікқазақстандықтар 59 бірлік қару-жарақ әкелсе, соның ішінде 1 автомат, ұзын оқпанды 9 және 49 тегіс оқпанды мылтық тапсырған. Одан бөлек, тұрғындар 7 мыңға жуық оқ-дәрі әкеліп, орнына өтемақы алған. Барлығы сыйақы мөлшері 2 млн теңгені құраған.

Асан Смагұлов – Петропавл қаласының ІІБ бастығының орынбасары

–  Осы уақыт ішінде бізге 64 адам келіп, олардан тегіс және ұзын оқпанды мылтық, автомат пен қару-жарақ оқ-дәрілері алынды. Қазіргі таңда акция жалғасын табуда.

 

Заңдастырылмаған қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды тұрғындар Ішкі Істер органдарына тапсыра алады. Қаруды өз еркімен әкелген тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Бақыт Сәдуақасов.