Мәдениет

Теріскей суретшілері халықаралық байқаудан жүлделі оралды

Анастасия Медведева – “ЮНЕСКО Клубы” көркемөнер лицейінің тәрбиеленушісі

– Мен бұл конкурста Тобыл қаласындағы шіркеу мен тарихи-мәдени ғимараттарды қағаз бетіне түсірдім. Суреттер мен пленэр байқауында жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Әр туындыны барынша шебер жеткізуге тырыстым.

Жас суретшілердің пленэр-байқауы шілденің 3-і мен 7-сі аралығында Ресейдің Тобыл қаласында өткен болатын. Оған қатысқан өнер иелерінің сурет салу шеберлігі бірінен-бірі асты, – дейді көркемөнер лицейінің басшысы.

Инна Рипачева – “ЮНЕСКО Клубы” көркемөнер лицейінің директоры

– Аталған халықаралық суреттер байқауына біздің тәрбиеленушілеріміз алғаш рет қатысып отыр. Әлемнің әр жерінен келген қатысушылардың арасында үздік атану біздің балаларымызға оңайға соқпағаны анық. Десе де, тәрбиеленушілеріміз үмітті ақтады. Осы байқау жас қылқалам иелеріне мол тәжірибе жинақтауына себін тигізді.

Байқау соңында барлық суретшілерге сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Қылқалам иелері келер жылы өтетін Халықаралық жарысқа тағы қатыспақ ниетте.

Бақыт Сәдуақасов.