Құқық қорғау органдары

Петропавлда тұрақты мекен-жайы жоқ азаматтарды анықтау шаралары өтуде

Үй-күйі жоқ жандар туралы дәйек автоматтандырылған мағлұмат жинақтағыш базасына енгізіледі. Тәртіп сақшыларының жұмысында – бұл таптырмайтын зат. Осының арқасында жыл басынан бері бұрын сотталған 48, тағы 4 хабар-ошарсыз жоғалған азамат пен 3 қылмыскерді анықтаған. Нәтижесінде барлығы 130-ға жуық заңбұзушылық әшкереленді.

Руслан Әлібаев, Петропавл қаласы ІІБ уақытша оқшаулағыш бастығының міндетін атқарушы

 

–  Рейдтік шара барысында уақытша оқшаулағышқа күніне 20-25 қаңғыбас жеткізіледі. 2014 жылы 6 айдың ішінде аталған мекемеге баспанасы жоқ 175 қаңғыбасты тапсырдық.

Бұндай рейдтік шаралар күн сайын жүргізіледі. Тәртіп сақшылары қаңғыбастардың көп шоғырланатын жерін білетін петропавлдықтардан уақытша оқшаулағыштың кезекшілік бөліміне хабарласуды сұрайды.

Риат Шони.