Қоғам

Күнкөріс минимумының шілде айындағы деңгейі

Наталья Родионова – СҚО статистика департаменті баға статистикасы басқармасының басшысы

– Күнкөріс минимумының шамасы аудандар бойынша 18 мың 433 теңгені құраса, Петропавл қаласында 18 мың 220 теңгеге жетті.

Бүгінгі күнкөріс себеті азық-түліктің 43 түрінен құралған. Оның ішіне сүт пен ет, нан, жұмыртқа және балық өнімдері кіреді. Осылайша, белгілі бір жастағы адамның өмір сүруі үшін қажет тағамдар мен қызметтер жиынтығының ақшалай есептегендегі нұсқасы мынадай.

Наталья Родионова – СҚО статистика департаменті баға статистикасы басқармасының басшысы

– Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде былай шығады: 13 жасқа дейінгі балалар үшін 14 330 теңге, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге – 23 мың 215 теңге. Ал, қыздардікі бұдан 5 мың теңге шамасында төмен.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 жастан асқан еңбекке қабілетті ер азаматтар үшін 22 мың теңгеге жақындаса, әйелдерге арналғаны 17 мыңнан асады. Ал, қарттарға қажет күнкөріс минимумы бүгінде 18 мың 220 теңгені құрайды.

Данаш Хамзина.