Білім

Кешенді тестілеуге құжаттар қабылдануда

Мадияр Кубетаев – талапкер, Есіл ауданы

– Қазір міне, “Физика және астрономия” пәні бойынша жоғары оқу орнына тапсырмақшымын. Тегін оқуға тырысамыз, нақты білмеймін енді, дайындалып жатырмыз.

Кешенді тестілеу 4 пән бойынша өтеді. Оқуға түсу үшін кемінде 50 ұпай жинау керек. Қазір мұнда арнайы құрылған комиссия құжаттарды қабылдаумен айналысуда. Келушілер саны басында көп болғанымен, соңғы кезде саябырсыған екен.

Гүлмира Оспанова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы

– Қабылдау комиссиясы таңғы сағат 9-дан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кешенді тестілеуге қатысу үшін жеке куәліктің көшірмесін, 086-У формасындағы медициналық анықтама, 3-те 4 көлеміндегі 6 фотосурет, және диплом немесе аттестаттың түпнұсқасы қажет.

– Кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау шілденің 9-нда аяқталады. Қабылдау комиссиясы мүшелерінің айтуынша бүгінге дейін 500-ден астам адам құжат тапсырған. Көбісі техникалық және педагогикалық мамандықтарға оқуға түскісі келеді екен.

Ендеше, бір мамандықты меңгеріп ел игілігі үшін еңбек еткісі келетін талапкер-жастарға сәттілік тілейік.

Данаш Хамзина.