Аптадағы маңызды жаңалықтар

Кадрлық тағайындау

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– Анархан Дүйсенова 1990 жылдан бастап өңіріміздің медициналық мекемелерінде жұмыс істеген. 2003-2006 жылдары Тайынша аудандық мәслихатының хатшысы болды. Одан кейін Тайынша ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарды. 2011 жылдан осы күнге дейін “Нұр Отан” партиясы Тайынша аудандық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары болды.

Анархан Дүйсенова облыс әкімінің сенімін ақтап, өңірдің дамуына өз үлесін қосатындығын айтты.

Анархан Дүйсенова, СҚО әкімінің орынбасары

– Сенім арту бар да, оны ақтау бар. Сондықтан осы іске бар күш-жігерімді, білімімді, тәжірибемді өзім тұрып келе жатқан облыстың өркендеуіне бір үлес қоссам өзіме бір абырой деп санаймын .

Жаңадан тағайындалған әкімнің орынбасары әлеуметтік салаға қатысты бар мәселелерді өз қолына алмақ. Осыған дейін бұл лауазымды қызметті Фархад Қуанғанов атқарып келген.

Берик Касен.