Балалар

Бас шаһарымыздың төл мерекесінде Бескөл ауылында балаларға арналған картинг клубы ашылды

Мұнда 3 жастағы баладан, ересектерге арналған машинаның неше түрі бар. Мәселен, мынау картинг 7 мен 16 жастағыларға шақталған. Ойыншықтың орындығы алмалы -салмалы. Оған ересектер де қызығушылық танытып, мініп, тізгіндеп көрді.

Балалардың қуанышында шек жоқ. Бәріне машинаға 5 минут тегін жүріп өтуге мүмкіндік берілді. Десе де арасында карингтің рөлін басқарғысы келіп алысып жатқандары да табылып жатты. Біразы темір ойыншыққа алғаш рет отырып, бойларында үрей сезімі билегендерін жасырмады.

Арғын Кенжеев, Элитное ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы

– Техникаға қызығушылығым бар. Картингті жүргізгенде жақсы әсер алдым. Әрине, қалтаңда ақша болса, уақытты осында өткізуге болады.

Ләззат Қоныспаева, Элитное ауылының тұрғыны

– Балалар үшін уақытын тиімді өткізетін клубтар мен түрлі үйірмелер Бескөлде ғана емес Қызылжар ауданында көп болсын.

Клубты “Евро комплекс СК” ЖШС-гі тұрғызған. Олар биыл балаларға арналған 4 картинг сатып алыпты. Әрбіреунің құны 3 мың доллар тұрады екен.

Елена Костоломова, “Евро комплекс” ЖШС жетекшісі

– Картинг 5 минут жалға беріледі. Оның құны 350 тг. Тұрақты клиенттерге жеңілдік қарасытылған. 3 пен 7 жастағы балақандарға арналған кішкентай машиналарымыз да бар. Онымен 5 минут серуендеу 250 тг. Тұрады.

Бүгінде клубтың ашылуымен 6 бескөлдік екі қолға бір күрек тапты. Серіктестік қысы-жазы үздіксіз жұмыс істемек. Олар балалармен қатар ересектерге арналған қарда жүретін көлікті жалға беретін бекет ашуды жоспарлап отыр.

Берик Касен.